Дурнев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дурнев – Каспий теңізінің шығысындағы Өліқолтық бойында орналасқан аралдар тобы. Маңғыстау облысы Бейнеу және Маңғыстау аудандары аумағында жатыр. Бозащы түбегінің солт. жағалауына жақын орналасқан аралдардың арақашықтығы шамамен 13 – 14 км. Ұсақ аралдарды қоспағанда Дурнев аралдары ірі 10-нан аса аралдар тобынан тұрады. Ең үлкенінің ұзындығы 11 км, енді жері 4 км.