Досжан Бақытжанұлы Табылды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Досжан Бақытжанұлы Табылды 1985 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Табылдиев Бақытжан Әдібайұлы. Анасы - Абдоллаева Үржамал Абдоллақызы. А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің хореография факультетін үздік бітірген (2003), балет әртісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2003 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балетінің жеке орындаушысы. 2007 жылдан бері - Париж қаласындағы United Dance Company балетінің жеке орындаушысы. «Спартак», «Махаббат жайлы аңыз», «Кармен-сюита», «Бахчисарай фонтаны», «Жизель», «Сильфида», «Аққу көлі», «Корсар», «Дон Кихот», «Вальпургий түні» («Фауст» операсынан), «Щелкунчик», «Жезтырнақ» спектакльдеріне қатысады. Қазіргі заманғы, халық және классикалық бидің түрлі концерттік нөмірлерін орындайды. Үлкен театрдағы кәсіби балет әртістерінің шеберлік сыныбына қатысқан (Мәскеу қаласы, 2007). «Астана Ballet Company» балетінің шақырылған жетекші орындаушысы (Астана қаласы, 2007). Келесі елдерге гастрольмен барған: АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Болгария, Финляндия, Швецария,Венгрия, Австрия, Германия, Голландия, Франция, Түркия, Қырғызстан, Украина. «Шабыт» байқауының (Астана қаласы, 2004); Сеул қаласындағы сайыстың II сыйлығының (2005); «Балет әртісі» номинациясындағы II сыйлықтың, «Көрермендердің сүйіспеншілік сыйлығы» жоғары сыйлығының (Үлкен театр, Мәскеу қаласы, 2005); Хельсинки қаласындағы сайыстың (2005); «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2006); «Жаңа есім - үміт» номинациясындағы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының (2006); «Кәсібінің мақтанышы» номинациясындағы «Халық ері» республикалық сыйлығының (2007); 1-ші Корей халықаралық балет сайысының (Сеул қаласы, 2007); Халықаралық балет әртістері сайысының (Будапешт қаласы, 2008) лауреаты. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - кітап оқу, кино, ат спорты, аңшылық, жүзу, музыка. Сүйіп оқитын әдебиеті - Қазақстан тарихы, А.С. Пушкин, С.А. Есенин, Л.Н. Толстой, Ф. Ницше, В. Гюго, Конфуций. Бойдақ.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub