Дмитрий Павлович Щербов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Щербов Дмитрий Павлович (12.8.1906, Эстония, қазiргi Тарту қ. – ө.ж.б. Алматы қ.) – химия ғылымының докторы (1961). Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылыми қайраткерi (1966). Ленинград (қазiргi Санкт-Петербург) сурет-кино техникумын (1927) және сондағы Химия-технология институтын (1937) бiтiрген. 1940–46 ж. Медвежьегорск, Орск, Свердловск (қазiргi Екатеринбург) қалаларындағы геология талдау лабораториясында, 1946–56 ж. Алматы қаласындағы Оңтүстік Қазақстан геология басқармасында жұмыс iстеген. 1956 жылдан Қазақ минералдық шикiзаттар ғылыми-зерттеу институтында аналитика-химия лабораториясын ұйымдастырып, лаборатория меңгерушiсi болды. Оның басшылығымен 60-қа жуық элементтердiң спектрофотометрлiк және флуориметрлiк анықтау әдiстерi зерттелдi. Ол 400-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. Щербов заттардың өте аз мөлшерiн анықтайтын 2 аналитикалық аспап – флуориметр жасап, авторлық куәлiк алған. Еңбек Қызыл Ту орденiмен, медальдармен марапатталған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Шығармалары

  • <<Флуориметрия в анализе минерального сырья>>, А.-А., 1965;
  • <<Аналитическая химия кадмия>>, А.-А., 1973.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub