Дина Мерекеқызы Хамзина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дина Мерекеқызы Хамзина 1972 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Жаңа жол ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Хамзин Мереке, марқұм, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Анасы - Өтеғалиева Алтынай, зейнеткер, математика мүғалімі болып жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыкалық-педагогикалық факультетін (1994) музыка мұғалімі мамандағы бойынша бітірген. қазақ, орыс, ағылшын және итальян (сөздікпен) тілдерін біледі. 1994 жылдан - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы. 2000 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының меццо-сопраносы, солисі. Аналық (М. Төлебаевтың «Біржан және Сара»), Қамқа (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»), Қарлығаш (А. Жұбанов, Л. Хамиди, «Абай»),Жанка (Е. Брусиловский, «ЕрТарғын»), Мерседес, Кармен (Ж. Бизе, «Кармен»), Азучена (Дж. Верди, «Трубадур»), Полина (П.И. Чайковский, «Пиковая дама»), Ольга, няня (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин»), Лаура (П.И. Чайковский, «Иоланта»), Сузуки (Дж. Пуччини, «Чио-Чио-сан»), Зибөль (Ш. Гуно, «Фауст») партияларын, Дж. Вердидің «Реквиемінде» мецц-партиясын; Маддалена, («Риголетто»), Флора («Травиата» Дж. Верди) меццо-сопрано партияларын орындаған. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болашақ Қазақстан - бұл бүгінгі балалар. Сондықтан балаларға қарап, еліміз сенімді қолда дөп ойлаймын. Олар барлық салаларда өте белсенді». Хоббиі - музыка. Сүйіп о􀀃итын әдебиеті - А. Құнанбаев.¥лы - Сағи Нұрсұлтан (1997 ж. т.).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub