Динамикалық стереотип

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Динамикалық стереотип (таптаурын) - белгілі итіркендіргіштер бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелү жүйке процестерінің тұрақты бір ізre салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде шартты рефлекстің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды қажет етпейді. Мәселен, егер итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығына бірнеше рефлекстер туғызылса (қоңырау, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакциясының бүкіл жүйесін өзгертпей түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерде организмнің бейімделуін, яғни ми қабығындағы қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П.Павлов динамикалық стереотип деп атаған. Адам мінезінің, сезімдері мен әдет-дағдыларының физиологиялық негізінде осы құбылыс жатады. Динамикалық стереотип шартты және шартсыз рефлекстер жүйесінің түрлі жағдайларда тепе-теңдігін сақтап, адамның дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруының физиологиялық негізі. Динамикалық стереотип жоғарғы жүйке қызметіндегі қозғалмалы әрі бейімделген физиологиялық құбылыс немесе шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Динамикалық стереотип адам өмірінде ұзақ уақыт бірыңғай түрлі мамандықта қызмет етуіне байланысты қалыптасады. Ол адамның өміріндегі кейбір жақсы, жаман әдет-мінезінің қалыптасуына да, жұмыста мамандануына да септігін тигізеді. Динамикалық стереотип— көп шартты рефлекстердің тізбегі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}