Тітіркендіргіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тітіркендіргіш – тірі тіндерде (ұлпаларда) биологиялық реакциялар тудырып, оның құрылымы мен қызметін өзгерте алатын кез келген әсер. Тітіркендіргіштер энергиялық табиғатына қарай:

Тіндер (ұлпалар) мен органдардың эволюциялық дамуы барысында бейімделіп үлгеріп, организмге қалыпты, табиғи жағдайда әсер ететін тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды (Үлгі:Lang-la – арнаулы). Ет талшықтары үшін жүйке тітіркенісі, көздің торлы қабығының рецепторлары үшін – сәуле, есту рецепторлары үшін – дыбыс толқыны адекватты тітіркендіргіш тіндер (ұлпалар) мен органдарға табиғи жағдайда әсер етпейтін тітіркендіргіштер инадекватты тітіркендіргіш деп аталады. Қалыпты жағдайда олар тіндерде (ұлпаларда) қозу процесін тудырмайды, бірақ әсері күшті не ұзақ болса, тітіркендіргіш рөлін атқарады. Мысалы, әр түрлі механикалық әрекет (соғу, шаншу, қысу), электр тогы, қышқылдар, т.б. бұлшық етті жиырылтады. Әсер күшіне қарай тітіркендіргіш: табалдырықты (қозу процесін тудыратын ең аз шамасы); табалдырықтан төмен (әсер күші алдыңғы шамадан да аз болса) және табалдырықтан жоғары (әсер күші алдыңғылардан артық болса) деп бөлінеді. Тіндер (ұлпалар) физиологиялық тыныштық күйінен қозу жағдайына көшу үшін тітіркендіргіштің белгілі деңгейде күші, әсер ету мерзімі және әсер күшінің өсу шапшаңдығы (градиенті) болуы керек.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}