Джеймс Редхаус

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Copyedit

Өмірі

Джеймс Редһаус (30 желтоқсан 1811) тілтанушы, аудармашы, сөздік құрастырушысы. Лондонда туған. Балалық шағында ана және әкеден айырылған Редһаус, 1819 жылы Christ's Hospital атты жәрдем және тәрбие ұйымына орналастырылды. Онда теңізшілік, карта жасау, техника сурет, тригонометрия сияқты пәндерден тәлім алды. 1826 дылы тәртіпсіздік себебінен оқудан шығарылған соң, Ақтеңізде ашылатын бір кемемен бірге Ыстанбұлға келді. Ыстанбұлда «Mühendishane-i Berri-i Hümayun» атты ұйымда техника сызбашысы болып жұмыс істеді. Ыстанбұлда болған 8 жыл мерзімде түрікше, арабша, парсыша және французша үйренді. Ол — түрік тілін ең жақсы білген шетелдік. 1826 жылы Ыстанбұлда Bahriye'de ағылшын тілі оқытушысы болды. 1838 жылы садразамның (бірінші уәзір) аудармашысы болды. 1840тан кейін сыртқы істер назариятында аудармашы болып бүкіл сыртқы байланыстардың аудармаларын орындады. 1853 жылы Англияға қайтты, сыртқы істер министрлігінде шығыс тілдері аудармашылығын жасады. Royal Asiatic Society қоғамының мүшелігіне сайланды, «сэр» атағын алды. Сөздіктері басылып шықты. 1892 жылы қайтыс болды.

Redhouse Sözlüğü

Ол османлы түрік тілінен ағылшын тіліне жасалған алғашқы және ауқымды сөздікті құрастырды, ол сөздік 1890 жылы жарыққа шықты. Редһаустың қолжазбасы 12 томнан тұрады және Британия мұражайында сақтаулы. Араб әліпбиі нің тәртібімен жасалған осы сөздікте сөздердің арабша, парсыша, түрікше төркіндері көрсетіліп, латын әріптерімен оқылудары берілген, түрі анықталған, сөздің түрлі мағыналары сандармен нөмірленіп берілген және сөз тіркестері ағылшынша түсіндірілген. Бүгінгі түрі «Sev Yayıncılık» баспасы тарапынан түрлі басылымдарда және қысқартылған түрлерде басылып шығарылуда. 1950 және 1972 Редһаус баспасы негізге алып әзірлеген сөздіктерге жаңа сөздер және сөз тіркестері қосылды.

Еңбектері

  • Grammaire raisonne те la langue Ottomane (1846)
  • Vade mecum of the Османлы colloquial language (1855)
  • Turkish vade mecum (1877)
  • А simplified grammar of the Ottoman-Turkish (1884)
  • Müntehabatı lügatı Osmaniye (1838)
  • А dictionary of Arabic and Persian words used in Turkish (1853)
  • А Turkish and English lexicon shewing the English significations of the Turkish terms (1890)
  • Kitabı maanii lehçe li James Redhouse el İngilizi (1890)
  • The Mesnevi (1881)
  • А Vindication of the Ottoman Sultans title of caliph (1877)
  • On the history, system and varieties of Turkish poetry (1879)

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}