Денис Раимович Саидов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Денис Раимович Саидов 1975 жылы 2 қаңтарда Түрікмен КСР Ашхабад қаласында туған.

  • Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін (1996) маркетолог мамандығы бойынша бітірген. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
  • 1996 жылдан - Халықаралық даму ж-ніндегі американдық агентіктің (ЮСАИД) Орта Азиядағы даму бағдарламалары жөніндегі маманы. 1998 жылдан - «Halliburton International Inc.» компаниясының ҚР және Түрікменстандағы бірлескен қызметтер әкімшісі. 2000 жылдан - «Flour Daniel Eastem Services В.V.» компаниясының материалдық-техникалық жабдықтау женіндегі үйлестірушісі, «Каспий құбыр жүргізуші консорциумы-К» ЖАҚ «Теңіз-Новороссийск магистралдық мұнай құбырын салу» жобасы. 2002 жылдан - Теңіз кен орны ТІІ10 екінші буын зауыттарын салу жобасының «PFD International» ЖШК материалдық- техникалық жабдықтау жөніндегі маманы. 2004 жылдан - «Aker Kvaerner Engineering & Technology» компаниясының Қашаған кен орнын дамыту тәжірибелік бағдарламасының технологиялық баржалар салу жобасының менеджері - «Қазгипронефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС коммерциялық директоры. 2006 жылдан - «Мехқұрылыссервис» АҚ жобалар жөніндегі директоры, оның ішін- де «Теңізшевройл» ЖШС «Сарықамыс кентін көшіру жобасы», «Теңізқызмет» ЖШС «Теңіз операцияларын қолдау базасы», «Теңіз кемелеріне май құю стансасы». 2008 жылдан - «Қазқұрылыссервис» МГҚК» АҚ компаниясының бизнесті дамыту женіндегі директоры, жобалары: «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының «Қарашығанак-Орал газ құбыры жобасы», «Теңізшевройл» ЖШС «Болашақ кеңейту жобасы», «Аджип ККО» компаниясының «Кен орнын толық масштабты өндеудің мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы», «Каспий Битум» ЖШС «Ақтау пластикалық қоспалары зауытындағы жол битумдарын өндіру», «Азиялық газ құбыры» ЖШС «Қазақстан-Қытай газ құбырын салу», «Қазақстан-Қытай газ құбыры» ЖШС «Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры», «ҚазМұнайГаз» ҮК» АҚ «Атырау мұнай қайта өндеу зауытында бензол өндіру кешенін салу», «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС «Ілеспе газды қайта өндеу зауыты», «Жайықмұнай» ЖШС «Газды қайта өндеу кешендері»,«Темір жол мұнай құю терминалы», «Нұралы кен орнын жайластыру», «Қазгермұнай» БК» ЖШС «Ақшабұлақ кен орнында газ дайындау қондырғысын кеңейту», «Ақшабұлақ кен орнының қабатты су дайындау қондырғысы» , т.б. 2009 жылдан - бірлескен қазақ-голланддық кәсіпорны «Теңізқазына» ЖШС бас директоры - «Мехқұрылыссервис» ЖШС стратегиялық даму жөніндегі бас директорының орынбасары, жобалары: «Shell Kazkhstan Development В.\/.» компаниясының «Қашаған, II кезең. Технологиялық аралдарды салу», «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» «Жемчужина. Технологиялық арал салу», «ҚазТрансОйл» АҚ «Құмкөл бас мұнай айдап қотару стансасы», «Аджип ККО» компаниясының«ҚазТеңізТрансФлот» ҰТКК» АҚ бірлескен «Тасты құрғақ жерде ауытқу», «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры». «Aker Kvaerner Engineering & Technology», «Bechte International Inс.», «ENKA Insaat ve Sanayi А.S.», «\/аn Ооrd Offshore В.V.», «Royal Boskalis Westminister nv» компаниялары, еліміздің мегажобаларындағы қазақ- стандық компаниялардың стратегиялық орын алуын дамыту шеңберінде мұнайгаз саласының кешбасшы-компанияларымен көптеген стратегиялық одақтарды құруға мұрындық болған.
  • Халықаралық жарыстарға қатысқан, техникалық спорт түрлері бойынша республикалық жарыстардың көп мәрте жүлдегері. Саладағы жетістіктері үшін шетел компанияларының үздік грамоталарымен марапатталған.
  • Хоббиі - спорт әсіре жанкүйері. Үйленген. 2 ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}