Демократиялық мемлекет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті өзін-өзі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқaру органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Демократиялық мемлекет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}