Өкілет

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Өкілет – атқаратын қызметіне сай лауазымды тұлғаға берілген қайсыбір мәселені шешуге қажет құқықтар мен міндеттер кешені. Өкілет әкімшілдік және желілік болып екі түрге бөлінеді. Әкімшілдік өкілет мекемедегі, ұйымдағы бірінші басшыға беріледі. Ал желілік өкілет тікелей бастықтан бағыныштыға, одан әрі басқа бағыныштыларға беріледі. Желілік өкілеті бар басшының белгілі бір мәселелерде басқа басшылармен келіспей-ақ, ұйымның жарғысында, заңда немесе ғұрыптық нормаларда белгіленген шекте шешім қабылдап, әрекет етуге құқығы бар. Әкімшілдік өкілеті бар басшы желілік басшының шешімін тоқтата алады.

<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub