Дауысты дыбыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дауысты дыбыстар (Вокализм) Үлгі:Lang-ru — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref>

  • Жуан дауыстылар Үлгі:Lang-ru — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.
  • Жіңішке дауыстылар Үлгі:Lang-ru — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.
  • Ашық дауыстылар (Үлгі:Lang-ru) — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
  • Қысаң дауыстылар (Үлгі:Lang-ru) — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
  • Еріндік дауыстылар (Үлгі:Lang-ru) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
  • Езулік дауыстылар (Үлгі:Lang-ru) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.

Тағы қараныз:

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дауысты дыбыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

be:Галосны гук ckb:پیتی بزوێن tr:Ünlü harf