Ерін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Mouth.jpg
Әйел адамның ерні
Ерін (губы); (лат. labia) — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш қабықтан: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті (ауыздың дөңгелек бұлшықеті) қабықтардан және сыртқы — теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі қабаттан: ішкі - көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады. Жоғарғы және төменгі ерін (labium superius et inferius) кілегейлі қабықтарында - еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiales) орналасады. Олардың өзектері ауыз қуысына ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бұрышын — езу (angulus oris) — деп атайды. Ерін терісінде жекелен- ген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ерін|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}