Гүлмира Баянжанқызы Мәдиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлмира Баянжанқызы Мәдиева (21. 01. 1958 жылы туған, Алматы қаласы) — тілші, филология ғылымдарының кандидаты (1990).

Абай атындағы АлМУ-ды бітірген (1979). 1979—1983 жылдары Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде №119-кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім. 1982—1987 жылдары Әл-Фараби атындағы Қаз МҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасында аға лаборант. 1987—1990 жылдары осында аспирант. 1991—1995 жылдары А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ономастика бөлімінде аға ғылымының қызметкер. 1995—1996 жылдары Қазақ мемлекеттік шеттілдер институтының қазіргі қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы. 1997 жылдан Қаз МҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасында доцент. Профессор A. С. Аманжоловтың жетекшілігімен "Шығыс Қазақстан гидронимдері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазір жалпы тіл білімі, ономастика саласында еңбек етіп жүр. 20-дан аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}