Грейзендік кенорындар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Грейзен жалпы жағдайда көбінесе слюдалар (мусковит, биотит, лепидолит) мен кварц агрегаттарынан тұрады. Олардың құрамында топаз, флюорит, турмалин мен кен минералдары жиі кездеседі. Грейзендердің негізгі массасы гранит массивтерінің апикал дөңестерінде және олардың жабынындағы алюмосиликат таужыныстарда - құмтас, тақтатас, эффузивтерде орналасады. Осыған байланысты магмалық таужыныстардың өзінде орналасқан эндогрейзендер мен сыйыстырушы таужыныстардағы экзогрейзендер бөлінеді. Грейзен кенорындарының кен денелеріне көбінесе желі, штокверг, минералданған белдемдер пішіні тән. Желілердің қалыңдығы бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін, созылымы бойынша ұзындығы 1-2 км, еңістігі бойынша 70-80 метрден 600 метр тереңдікке дейін таралады. Көбінесе күрделі пішінді желі-штокверг жаралымдар кездеседі. Айтылып өткендей, грейзендік кенорындар альбититтермен тығыз генетикалық байланыста. Кейде бұл байланыс кеңістікте де байқалады, бірақ олардан металлогениялық бағыты бойынша көп айырмашылығы да бар. Егер альбититтердің типоморфтық элементтеріне ниобий, тантал мен цирконий жатса, ал грейзендерге көбінесе вольфрам, қалайы, молибден, т.б. тән. Грейзендік кенорындар арасында мынадай негізгі типтер бөлінеді: вольфрамит-топаз-кварцты, касситерит-топаз-кварцты жөне жиынтықты вольфрамит-молибденит-топаз-кварцты. Вольфрамит-топаз-кварц кенорындары лейкократтық және пегматоидтық гранит массивтерінің күмбез тәрізді апикал бөліктерінде және олардың сыртқы жапсар белдемдерінде орналасады. Кен денелері шток, штокверг, желі пішінді болады. Басты кен минерал - вольфрамит, сонымен қатар касситерит, молибденит, висмутин ұшырасады. Сыйыстырушы таужыныстар грейзенденеді, мусковиттенеді, биотиттенеді және кварцталады. бұл типті кен-орындар дамыған жерлер Қазақстанда (ақшатау, Қараба), Забайкальеде (Спокойнинск), Чехияда (Циновец), Германияда, Францияда (Монтебрас), ҚХР (Пяотан, Синь-хуаньшань), Моңғолияда (Югодзыр, Баянмод), Австралияда (Вольфрам Кемп, Торрангтон).

Касситерит-топаз-кварц кенорындары

Касситерит-топаз-кварц кенорындары гипабиссал фацияның лейкократтық аляскит гранитімен байланысты. Кенді желілер мен штоквергтер граниттің өзінде де, жабынындағы таужыныстарда да орналасады. Басты кен минералдар - касситерит пен вольфрамит. Сыйыстырушы таужыныстар грейзенденуге, калишпатталуға және альбиттенуге ұшыраған. Сипатталған типті кенорындар белгілі жерлер: Орта Азия (Ақтас), Чукотка (Экуг), Забайкалье (Этыка), Приморье (Чапаевское), Германия (Альтенберг), ҚХР (Лиму), Мьянме (Маучи), АҚШ (Лост-Ривер). Вольфрамит-молибденит-топаз-кварц кенорындары көбінесе аляскит граниттің күмбездерінде және оларды жапқан мүйізтастарда орналасады. Грейзендерді жарылымдар, сақиналық және сызықтың жарықшақтар, кливаж шекаралары баңылайды. Басты кен минералдар: молибденит пен вольфрамит. бұл типке жататын кенорындар Орталық Қазақстанда (Шығыс Қоңырат, Жанет), Забайкальеде (Булуктай, Первомайское), Моңғолияда, Аргентинада (Серро-Асперро) бар. Грейзендермен сонымен қатар маңызды өнеркәсіптік мәнге ие бериллий кен-орындары да байланысты. <ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}