Висмутин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Висмутинсульфидтер класының минералы. Хим. формуласы Bі2S3. Ромбылық сингонияда призма, таяқша тәрізді кристалдар, түйірлі масса, сеппе, талшық сияқты агрегаттар құрайды. Түсі ақ, қорғасындай сұр, металдай жылтыр.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> Қатт. 2,0 – 2,5, менш. салм. 6,7 – 6,8 г/см3, электр тогын өткізбейді. В. гидротермальды-желілі және жапсарлы-метасоматитті кендерде түзіледі, жеке кендері сирек кездеседі, көбіне қалайы, вольфрам, күшәла кендерінде жеке элементті висмут түрінде немесе арсенопирит, халькопирит және басқа минералдармен бірге кездеседі. Тотығу белдемінде оңай бұзылып оксид немесе карбонат түрлеріне өзгереді. В-нен висмут металы алынады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub