Гистологиялық зерттеу әдістері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гистологиялық зерттеу әдістері — 1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия — жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таддаудың негізгі әдісі; 2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан алынған, боялмаған мөлдір гистологиялық жонындыларды зерттеу әдісі; 3) ультракүлгіндік микроскопия — әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген. Ультракүлгіндік микроскопияда препараттың көрінісін люминесцентті экранда талдап, анықтап көріп, фотопластинкаларға түсіріп зерттейді;4)]Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия — флуоресценция құбылысына, яғни зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген. Флуоресцентті микроскопта флуоресценцияны қоздыру үшін, сәулелі энегия көзі ретінде, тым жоғарғы қысымдағы сынап немесе ксенонды шамдар қолданылады. Флуоресценцияның екі түрі ажыратылады: 1. өзіндік (біріншілік) флуоресценция — гистологиялық препараттағы жасуша құрылымдарының сәулелі энергия әсеріне байланысты жарық шығарып өздігінен жарқырауы. 2. жасанды (екіншілік) флуоресценция — жасуша құрылымдарының арнайы бояғыш заттар—флуорохромдармен боялуы нәтижесінде ерекше түспен жарық беру қасиеті. Мысалы, қызыл-сары акридин флуорохромымен боялған ДНҚ жасыл, ал РНҚ қызыл түс береді. Екіншілік флуоресценция — тым сезімтал әдіс. Оның көмегімен жасушаның химиялық құрамын да анықтауға болады; 5) авторадиография — жануарлар ұлпалары мен жасушаларындағы радиоактивті [[изотоп|изотоптармен белгіленген заттарды анықтауға арналған цитологиялық әдіс Радиографиялык,зерттеуге радиоактивті фосфорды(Р ),көміртегті(С ),күкіртті(S ), сутегті (Н ), немесе осы радиоактивті элементтермен белгіленген қосылыстарды пайдаланады. Зерттеу кезінде препараттағы белгіленген радиоактивті изотоптан бөлінген сәулелердің әсерінен көріністі тұсірген фотопластинка [[фотоэмульсия|фотоэмульсиясы құрамындағы бромды күмістен таза күміс түйіршіктері бөлініп,ұлпалар мен жасушалардағы белгіленген заттардың орналасу орындарын көрсетеді; 6) электронды микроскопия жарық сәулелері толқындарына қарағанда 100000 есе қысқа электромагнит толқындарын пайдалану арқылы нысандарды 100000- нан миллиондаған есеге дейін үлкейтіп көрсететін жаңа тым нәзік микроскопиялық (субмикроскопиялық) зертеу әдісі.Соңғы кезде шыққан микроскоптар гистологиялық нысандардың кеңістіктік үшөлшемдік көлемді зерттелуін қамтамасыз етеді <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Гистология


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гистологиялық зерттеу әдістері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}