Герминативті орталық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Герминативті орталық немесе көбею орталығы (герминативный центр); (centrum germinale; лат. germinale — көбею, centrum — орталық) — боялған гистологиялық препараттарда жақсы көрінетін лимфа түйіншелерінің орта тұсындағы күңгірт түсті (жетілмеген жас көбею орталығы) немесе ақшыл келген (жетілген көбею орталығы) бөлігі.

Көбею орталығы лимфобласттардан, макрофагоциттерден және өсінділі жасушалардан тұрады. Бұлар митоз арқылы бөлініп жатқан әртүрлі көбею сатысындағы лимфоциттердің жасушалары.

Герминативті орталықтар - негізінен қан жасау мүшелерінің лимфоидты ұлпасында болады. Олардың құрылымдық жағынан өзгеріп отыруы — организмнің физиологиялық жағдайларына тікелей байланысты. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub