Геологиялық құжаттама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық құжаттама – арнаулы геологиялық зерттеулер жүргізу барысында, іздеу-барлау жұмыстары кезінде, пайдалы қазба кендерін өндірістік игеру барысында анықталған геологиялық деректерді жан-жақты хаттау және әртүрлі карталар мен сызба-нұсқалар, қималар мен кескін-пішіндер түрінде кескіндеу шараларының жиынтығы. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>

Мұнымен қатар, геологиялық құжаттамаға таскертпелер мен тасбағандар, палеонтологиялық коллекциялар мен сынамалар т. с. с. тау жыныстарының арнаулы үлгілері алынған нүктенің географиялык орнын дәлме-дәл анықтау және осы өңірдің геологиялық ерекшеліктерін ұқыпты түрде хаттау істері де кіреді.

Геологиялық құжаттаманың басты-басты элементтері: тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың үлгілері, тасбағандар, түпшаймалар, әртүрлі сынамалар, дала кітапшалары, күнделіктер, ашылым және қазынды сипаттары хатталған құжаттар, сынама журналдары, кестелер, диаграммалар, карталар, сызбанұсқалар, қималар, кескін-пішіндер, суреттер, бейне материалдар т. с. с.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}