Сынама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сынама

  1. лабораториялық зерттеулерге арналган материал. Сырткы орта объектілерінен (топырақ, су, тамақ және т. б.) немесе субстраттардан және организмнің тканьдерінен алынады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
  2. зерттелмек нысаннан нақтылы ережелерге сәйкес түрлі-түрлі талдауларды жүзеге асыру үшін алына отырып, сол нысанның сыр-сипатын ашып беруге көмектесетін материал; Сынамаларды алудың түрлі-түрлі әдіс-тәсілдері бар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Сынама түрлері

  • Газ сынамасы. Белгілі бір шарттарды қамтамасыз ете отырып қойнаулардан алынған (атмосфералық ауаның кірігуін болдырмайтын "аспиратор" көмегімен алынады), толығымен тұмшаланған ыдыста сақталған, сондықтан арнаулы саралау жұмыстарын жүргізуге жарамды болып табылатын қойнауқаттық газ үлгісі.
  • Мұнайдың қойнауқаттық сынамасы. Тереңдіктердегі қойнауқаттардан сынама алатын жабдықтар көмегімен ұңғыма оқпаны арқылы көтеріліп алынған мұнай сынамасы. Мұндай сынамаларды зертханалық жағдайда зерттеу нәтижесінде мұнайдың қойнауқаттық жағдайдағы кейбір қасиеттерін — тығыздығын, меншікті көлемін, газбен қанығу қысымын, тұтқырлығын, жекелену құрамын және топтық құрамын т.б. — анықтауға мүмкіндік туады. Мұнайдың тығыздық және меншікті көлем көрсеткіштерін пайдалана отырып, оның көлемдік коэффиценті мен сему дәрежесі анықталады. Мұнайдың тұтқырлығы, қанығу қысымы және көлемдік коэффиценті оның қойнауқаттық сипатын кескіндейді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}