Геологиялық картаға түсіру әдісімен іздеулер
Геологиялық картаға түсіру әдісімен іздеулер Кенорындарды іздеу кешеніндегі негізгі әдіс. Бұл әдіс мына шараларды қамтиды:
1) пайдалы қазба кенорындарының жер қыртысында орналасу заңдылықгары мен іздеу алғышарттарын анықтау мақсатында бұған шейін дайыңдалған геологиялық, геоморфологиялық, палеогеографиялық, тектоникалық т.с.с. карталарды және олардың түсініктемелерін жан-жақгы талдау;
2) жекелеген кенді алаңшалардың перспективаларын бағалай отырып металлогениялық карталар мен болжам карталарын дайындау;
3) дайындалған болжам тұрғызымдарының дұрыстығына көз жеткізу және қосымша іздеу белгілерін анықтау мақсатында далалық іздеу және геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізу;
4) зерттелген ауданда табылған пайдалы қазба кенорындарын перспективалық бағалауға және бүкіл іздеу жұмыстарының қорытындыларын тұжырымдауға негіз боларлық есепнамалық геологиялық, құрылымдық, қойнауқаттық, геохимиялық шаймалау т.с.с. карталарын және олардың геологиялық қималарын дайындау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/>