География ғылымының терминдері
Аккумуляциялық процесс - су, жел, т.б. өсерінен өр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен оргектарникалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.
Аллювий - үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.
Альпілік тектогенез - жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.
Антициклон - атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.
Антропогенді әрекет - адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті.
Антропоген дәуірі - жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.
Антропогенді ландшафт - адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.
Антропогендік фактор - ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті.
Ареал - жер беттің жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлері тіршілік ететін бөлігі.
Аридті ландшафт (қуаңшылық ландшафт) - құрғақ жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт.
Ауа айналымы - жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылық салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.
Аэротермикалық градиент - ауа температурасының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік.
Батолит - жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.
Бедленд (шөл адыр) - эрозияның әрекеті нәтижесінде құрғақ климат жағдайында пайда болған аласа таулы жер бедерінің күр¬делі түрі.
Биогенді кешен — аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Биоклиматтық белгі - белгілі бір климатпен үйлескен биоце- ноздардың жай-күйі.
Бионика - тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым.
Биотикалық фактор - ландшафтылардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері.
Биохимиялық процесс - тірі ағзаның қоректік заттарды сіңіруінен бастап, олардың толық ыдырауына дейінгі реакциялар.
Биоценоз — тіршілік жағдайларда азды-көпті біркелкі болып келетін аймақты мекендейтін микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігі.
Борықты сор - тұзы шығып жатқан жер.
Гектарлофиттер - тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.
Тамада - тасты шөлдердің араб тілінде аталуы.
Геодезия - жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыс¬тарын жүргізу мен айналысатын ғылым.
Геоморфологиялық кешен - жердің ішкі жөне сыртқы күштері өрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.
Геосинклиналь - жер қыртысының ұзынынан созылып жат¬қан тектоникалық қозғалмалы ойпаң үлескісі. Мұнда сейсмика¬лық процестер күшті байқалады.
Геофизика - Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін, оның қабаттарында өтіп жататын процестерді зерттейтін ғылымдар кешені.
Гербицид - арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс.
Гидротермиялық градиент - ылғал және жылу балансының белгілі бір өлшем айырмасы байқалатын биіктік сатысы.
Гидротермиялық коэффициент- ылғал балансын жылу ба¬ласына бөлгендегі шама. Аумақтық табиғат кешендерінің құрамдық бөліктерінің жетіліп кемелденуіне қаншалықты өлшемде ыл¬ғалдық немесе жылулық жетіспейтінін, артық екенін көрсететін өлшем.
Гидрофизика - өзен, көл, жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, проңестерін зерттейтін ғылым.
Гляциальды-нивальды зона - көпжылдық омбы қар мен мұздық ландшафтылары тараған жер.
Гравитациялық қозғалыс - заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы.
Гравитациялық процесс - заттардың түрліше гравитациялық қозғалыстарына байланысты дамитын құбылыстар мен процестер. Мысалы, сел тасқыны, қар көшкіні, қорым тастардың беткейден сусыл түсуі, т.б.
Гравитациялық энергия - заттардың гравитациялық қозғалысының күші. Мысалы, су, жел күшінен электр қуатын, жылу алу.
Гумидті процесс - тірі ағзалардың өлгеннен кейінгі шіруіне байланысты болатын құбылыстар, процестер.
Гумидті ландшафт - климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт.
Дефляция (лат. deflatio - үрлеу) - топырақ пен тау жыныстарының жел әсерінен үгілуі.
Дендрология (грек. dendron - ағаш және логия) - ботаниканың ағаш, бұта, шала бұтаны зерттейтін бір саласы.
Дендро бағы - жeкe бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің өр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ.
Денудациялық процесс — тау жыныстарының үгілу және пайда болған үйінділердің биік жерден су, жел, мұздың әрекеттен сырғып, ойыска шөгуі.
Депрессия - жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері.
Дигрессиялық ландшафт өзгерісі - ландшафтының құнарсыздануы.
Дренаж - жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.
Жер беті жыныстарының аэрациясы - жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы.
Зоомасса - аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса.
Инсоляция - күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі.
Инсоляциялық беткей - күнгей беткей.
Интрузия (лат. intrudo - итермелеп енгізу) –
- 1) жер қыртысының жоғарғы зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге, жер бетіне шығып үлгірмеген магманың енуі;
- 2) осы магманың қатаюынан пайда болған магмалық дене.
Интрузивтік тау жыныстары - жердің терең кыртысында баяу суыну дай пайда болған силикат құрамды магмалық жыныстар.
Карбонатты шөгінді - құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.
Каппилярлық су - топырақ пен топырақ асты жыныстарының қыл түтікшесінен жер қызған кезде топырақ астынан жер бетіне қарай көтерілетін су.
Киммериялық тектогенез - мезозой арасындағы катпарлық. Маңғыстау таулары түзілген.
Консервативті ландшафт - барлық кешендері динамикалық тепе-теңдік тапқан ландшафтылар.
Күн радиациясының интенсивтілігі - күн сәулесіне перпендикуляр қойылған, абсолют қара денеден жасалған, 1 см2 бетке 1 минут ішінде күннен келетін жылу мөлшері.
Күннің тік радиациясы - күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.
Кайназой арасы - жердің геологиялық тарихындағы ең жас эра, бұдан 60-70 млн жыл бұрын басталған. Үш дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік немесе антропоген.
Қалқанды жазық - тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітіліп тегістелген аймақтарында кеңінен тараған.
Қатқыл - беткі қабаты қабыршақтанып қатып жататын сор.
Моласса - тасты жынысты жердегі тектоникалық жарықтардың ізіне жиналған үгінділі үйінділер.
Мортмасса - өсімдіктер мен жануарлардың құрап қалған қалдықтары.
Морфомүсін - сыртқы кұштер (сұ, жел, мұздық, т. б.) әрекеттен түзілетін жер бедері пішінінің кешені (өзен аңғары, құмды шағыл, т.б.)
Морфоқұрылым - ішкі және сыртқы, әсіресе ішкі күштердің басым әрекет етуінен түзілген жер бедері пішіндерінің кешені. Мысалы, тау жотасы, тау іші жазығы, т.б.
Неоген дәуірі — жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдында өткен.
Неотектоникалық қозғалыс - неоген, антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы қозғалысы.
Нивальды белдеу - таудағы мәңгі қар басқан белдеу.
Оазис (жазира) — шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгектарлды алқап.
Оргектарногенді шөгінді - оргектарникалық жолмен тараған тау жынысы.
Орқаш тау - жер қыртысының жарықтары арасынан көтеріл¬ген бөлігі.
Палеоген дәуірі - жердің геологиялық тарихындағы кайнозой эрасының ескі дәуірі, неоген дәуірінің алдында өткен.
Палеозой эрасы - жердің геологиялық тарихындағы ескі өмір кезеңі. Қазіргі кезеңнен 570 млн жыл бұрын басталып, 340-350 млн жылға созылған. Өсімдіктер дүниесі балдырлардан ірі-ірі орман ағаштарына дейін дамыған. Жануарлар дүниесі омыртқасыздардан ірі бауырымен жорғалаушыларға дейін дамыған.
Перьм дәуірі — палеозой эрасының ең соңғы дөуірі, 55 млн жылға созылған. Орал - Тянь-Шань геосинклиналында герцин қатпарлануы аяқталған.
Платформа жазығы - іргетасы қатпарланған қатты жыныстардан түзіліп, жер бедері жазық болып келген тектоникалық тұрақты аймақ.
Плиталы жазық — шөгінді жамылғысы қалың жазық.
Радиациялық жылу - күн сәулесінің жылуы.
Регрессия - теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафтының құ-нарсыздану бағытындағы өзгерісі.
Рекреациялық жүйе - көрікті, саялы жерлер.
Реликтілі ұсақ шоқы - қатты жынысты жерде сақталған ұсақ шоқылы ежелгі таулы аймақтық үгіліп тегістелуінен кейін түзілген жазық (мысалы, Сарыарқа).
Сапрофаг - шіріп ыдыраған оргектарникалық заттармен қоректенетін тірі ағзалар.
Синеклиза — жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ (мысалы, Каспий маңы ойпаты).
Су буынып сублимациялануы - ауадағы су буынып төмен температуралық ортала мұз кристалдарына айналуы.
Тақыр - шөл, шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.
Тартпа сор - шөл, шөлейт жөне дала зоналарының ащы (тұзды - лығы 1%-дан жоғары) жынысты алаң. Көбіне тартылып қалған көл табанында тараған, топырақ жамылғысы нашар дамыған. Өсімдік жамылғысы сораң шөптерден тұрады.
Тау беткейінің инсоляциялық әрекеті - тау беткейінің күн сөулесін тосыл қалу әрекеті.
Тау беткейінің айналымдық әрекеті - тау беткейінің ауа ағысын тосыл қалу әрекеті.
Тектоника (грек. іекіопікоз - құрылыс) - геотектоника жердің қыртысы мен жоғарғы мантиясының (тектоносфера) құрылымдарын ғаламшардың (Жердің) уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.
Тектоникалық жарық - жердің ішкі күшіне байланысты жер кыртысының жарылуынан пайда болған жарық.
Тектоникалық қозғалыс - жердің ішкі күшіне байланысты болатын жер қыртысының қозғалысы.
Теңіз трансгрессиясы - теңіз суы деңгейінің көтеріліп, құрлықты басуы.
Триас дәуірі - мезозой эрасының юрадан кейінгі бордай бұрын¬ғы өткен дәуір. 35 млн жылға созылған. Табиғат жағдайы континентті болып келеді.
Циркті ойыс - аса биік тау беткейіндегі мұздықтар жатқан жердегі ойыс. Олар беткейдегі мүздықтардың біресе еріп, біресе қатуының нәтижесінде шұңқырланып түзіледі.
Шашыранды радиация - күн сәулесінің ауа қабатынан өткен- де ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.
Шық нүктесі - ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі.
Ылғалдану коэффициенті - нақтылы жердің жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланғыштық мөлшеріне қатынасы.
Хемосинтез - кейбір ұсақ ағзалардың қоректену тәсілі (олар бейоргектарникалық заттардан оргектарникалық зат түзе алады).
Экзогендік геоморфологиялық процесс - сыртқы күштер (жер, су, мұздақ, т.б.) әрекетіне байланысты болатын геоморфологиялық процесс.
Экология - тірі ағзалардың айналадағы ортамен қарым-қаты- насы туралы ілім. Экология ортаның өсімдіктер мен жануарлар ағзаларына, сондай-ақ олардың ортаға тигізетін әсерін зерттейді.
Экологиялық жағдай - айналадағы ландшафт ортасының жаратылыс жағдайына ықпал ететін фактор (ландшафт ортасының жаратылыс жағдайы).
Экологиялық фактор - айналадағы ортаның тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайын анықтайтын сыртқы күш (күн қызуы мен жел, су, өсімдіктер, жануарлар, адам әрекеті).
Эол (грек. аіolos - жер әміршісі), Аккумуляция (лат. accumulatio - жиналу). Жел ұзақ уақыт айдал көшірген құмның минералдық құрамы тұрақты (Каспий теңізінен Қызылқұмға дейінгі аймақтағы эолдық құмдар) болады.
Эффузия (лат. effusio - төгілу) - жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы (маг¬ма, вулкандық тау жыныстары).
Эффузиялық тау жыныстары - лаваның жер бетінде немесе жер қыртысының жоғарғы қат-қабаттары арасында суынуынан түзілген атпа магмалық тау жыныстары.<ref>Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х</ref>
Дереккөздер
<references/>