Гаструляция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gastrulation.png
Gastrulation of a diploblast: ұрық қабатыyың пайда болу процесі.

Гаструляция — гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс.

Эмбриогенездің гаструляция кезеңінің алғашқы кездерінде бластуланың бірқабат жасушаларынан тұратын бластодермадан екі қабат ұрық жапырақшаларынан құралған ұрық — гаструла дамиды. Оның сыртқы ұрық жапырақшасы — эктодерма (грек, ektos — сыртқы; derma — қабық, тері), ішкі ұрық жапырақшасы - энтодерма (грек, endon - ішкі және қабық). Гас труляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хорда және мезодерма (грек, mesos — аралық, ортаңғы және қабық) дамып жетіледі.

Гаструланың дамып жетілуі бластуланың құрылысына байланысты. Сондықтан, әртүрлі жануарларда гаструляция процесі түрліше жүреді. Гаструляцияның төрт түрі ажыратылады: инвагинация — қынаптану, эпиболия — қаптап өсу, иммиграция — ішке көшу, деламинация — жасушалар қабаттарына жарылып ажырау. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Гаструляция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}