Бластула

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бластула (грек, blastos — ұрық, өскін) — бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған қуысты ұрық. Бластуланың құрылысы мен пішіні жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады. Бластуланың бластомерлерден (ұрық жасушаларынан) құралған қабырғасы - бластодерма (грек, blastos және derma - тері, қабық), ішіндегі қуысын — біріншілік дене қуысы немесе бластоцель (грек, blastos және koilos — қуыс, қуысты) дейді. Ұрықтың жоғарғы анимальды полюсінде орналасқан бластомерлер бластодерма төбесін, ал төменгі вегетативті полюсіндегі бластомерлер бластодерма түбін құрайды. Олардың арасындағы бластомерлерден қүралған аймақты жиекті аймақ деп атайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бластула|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}