Газ қалыптасуының басты фазасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Газ қалыптасуының басты фазасы. Шөгінді таужыныстардағы шашыранды органикалық заттар есебінен көмірсутекті газдардың (көбінесе метанның) ең қарқынды қалыптасу сатысы. Бұл процесс мезокатагенездің соңғы — апокатагенездің алғашқы сәттерінде аталған органикалық заттардың термикалық деструкцияға ұшырауы салдарынан, теммпература мөлшері шамамен 180-200°С-тан 250°С-қа дейінгі аралықта болғанда жүзеге асады. - Газ қалыптасуының басты фазасы газдардың түпнегіз таужыныстардан жинауыш таужыныстарға қарай жаппай жылыстауымен сипатталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала