Вольфрам кентастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вольфрам кентастарывольфрам алынатын табиғи шикізат. Негізгі минералдары: вольфрамит, шеелит, гюбнерит. Сондай-ақ вольфрам кентастарында молибден, қалайы, бериллий, мыс, висмут, кейде сурьма, сынап, алтын, күміс, мышьяк, күкірт, тантал, ниобий, скандий кездеседі. Қоспа компоненттердің басым көпшілігі байыту барысында коллективтік және селективтік концентраттарғатарға бөлінеді. Вольфрам кентастары түзілуіне байланысты эндогендік және экзогендік болып бөлінеді. Эндогенді кентастардың генетикалық типтері пегматиттік, скарндық, грейзендік және гидротермальдік болып үш кентастық формацияға бірігеді: қалайы-вольфрамды, молибден-вольфрамды және полиметалл-вольфрамды. Пегматиттерде вольфрамит пен шеелит сирек кездеседі, олар касситерит, берилл, сподумен және тантал-ниобаттар өндірілгенде бірге алынады. Скарнды-шеелит кентастары плита тәрізді қабаттар немесе линза және түтік тәрізді денелер түрінде кездеседі. Грейзенді-вольфрамды кентастар граниттік интрузивтердің шет жақтарымен тығыз байланыста түзіледі. Кен денелері бағана тәрізді және түрлі пішінді штокверктер түрінде кездеседі. Қазақстанда вольфрамның ірі кен орындары Сарыарқада, Таулы Алтайда, (Қалба, Нарын), Бұғытыда ашылған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вольфрам кентастары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}