Владимир Яковлевич Угренинов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Яковлевич Угренинов 1941 жылы 1 қаңтарда Алматы қаласында туған. Орыс. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1962), күрестен жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ спорт және туризм академиясының Қүрметті профессоры (2001). 100-ден астам мақала мен жарияланым авторы. Қазақ (тұрмыстық деңгейде), орыс және ағылшын тілдерін біледі. ≪Нұр Отан≫ ХДП мүшесі (1999 жылдан). 1962 жылдан - «Қайрат≫ ерікті спорт қоғамы орталық және облыстық кеңестерінің аға жаттықтырушысы (Алматы). 1968 жылдан - ҚазКСР ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы. 1992 жылдан - «Қайрат≫ ЕСҚ орталық кеңесінің төраға орынбасары. 1994 жылдан - Алматы облысы әкімшілігінің Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының бастығы. 1999 жылдан бері - Республикалық олимпиадалық даярлық орталығы басқармасының төраға орынбасары. Алматы облыстық Спорттық күрес федерациясының ардагерлер ісі жөніндегі бөлім бастығы, вице-президенті. 60-тан астам спорт шеберін, оның ішінде олимпиада чемпионы Ж. Үшкемпіровты тәрбиелеген. КСРО спорт шебері (1962). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1973). КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1980). ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1994). Алматы облысының Құрметті азаматы (2001). «Қажырлы еңбегі үшін≫ (1978), ≪Еңбек ардагері≫, ≪Астана≫, ≪Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл≫ (2001) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - отставкадағы капитан. Діни көзқарасы - жақсы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Жалпы осылай дами берсе, Қазақстан әлемдегі ең дамыған елдердің біріне айналады≫. Хоббиі - саяхаттау, туризм, ≪ауылдық жерлерден дарынды, күрөспен айналысып жүрген жастарды іздеп, табу≫. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем, тарихи әдебиеттер. Ұлдары - Михаил (1968 ж. т.), Дмитрий (1971 ж. т.). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub