Владимир Николаевич Каплич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Николаевич Каплич - 1967 жылы 5 қазанда Павлодар облысы Екібастұз қаласында туған. Белорус. Әкесі - Каплич Николай Игнатович, зейнеткер, «Северный» қимасындағы роторлық экскаваторда аға машинист болған. Анасы - Каплич Галина Андреевна, зейнеткер, «Богатырь» қимасында ТББ шебері болған. Тау-кен техникумын бітірген (Екібастұз, 1986), электровоз машинисі. Қалалық мүгедектер қоғамының мүшесі.

Тірек-қозғалу аппараттары зақымданған арбада отыратын мүгедектер арасындағы үстел теннисі бойынша ҚР 13 мәрте чемпионы; Мәскеу қаласының чемпионы (1987); ТМД чемпионатының жүлдегері - 1-ші орын (Витебск, 1992); Халықаралық ойындардың (Англия, 1993; Дания, 1996), Азия ойындарының - 4-ші орын (Таиланд, 1999) қатысушысы; ТМД және Прибалтика елдері чемпионатының үш мәрте жүлдегері - 1-ші орын (Пенза, 2001, 2002, 2003); Азия ойындарының қола жүлдегері (Пусан, 2003). Үстел теннисі бойынша республикалық, сондай-ақ шет елдік деңгейдегі спорттағы табыстары үшін көптеген сыйлықтармен марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикадағы белсенді динамика. Халықтар достығы».
Хоббиі - балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Булгаков, Б. Пастернак.
Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub