Владимир Викторович Дроздов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Владимир Викторович Дроздов 1966 жылы 27 тамызда Талдықорған облысының Рудничный кентінде туған. Орыс. Әкесі - Дроздов Виктор Егорович, зейнеткер, шахтер болып жумыс істеген. Анасы - Дроздова Валентина Селиверстовна, зейнеткер, ТКШ бастығы қызмөтін атқарған. Қазақ дене шынықтыру институтының педагогика факультетін бітірген (1989), оқытушы-дөне шынықтыру және туризм үйымдастырушысы. Орыс, қазақ және ағылшын (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. «Отан» ХДП мүшесі (2001 жылдан).

  • 1989 жылдан - кәсіподақтардың БЕДСҚ облыстық кеңесінің БЖСМ регби бойынша жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1990 жылдан - Талдықорған облысының облыстық спорт комитетінің БЖСМ регби бойынша жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1991 жылдан - Талдықорған облыстық спорт комитетінің МБЖСМ регби бойынша жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1993 жылдан - Облыстық туризм және спорт басқармасының КБЖСМ регби бойынша жаттықтырушы-оқытушы (Талдықорған қ.). *1998 жылдан - Талдықорған қаласының №1 ОРБЖСМ регби бойынша жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1999 жылдан бері - №1 ОРБЖСМ әйелдер регбиі бойынша штаттық командасының бас жаттықтырушысы (Талдықорған қ.).

Алматы облысының Регби және регбилиг Федерациясының төрағасы. Алматы облысы әкімінің (2006, 2007, 2008), ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің (2009) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР регби бойынша Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2008).

  • Әскери атағы - запастағы старшина.
  • Хоббиі - фотосурет, теннис.
  • Үйленген. Жұбайы - Дроздова Нелли Валерьевна, жеке кәсіпкер. Ұлдары - Дроздов Дмитрий (1992 жылы туған), студент;

Дроздов Егор (1996 жылы туған); Дроздов Никита (2007 жылы туған).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub