Регби

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Регби (ағылш. RugbyҰлыбританиядағы қала атынан шыққан) — командалық ойын. Ұзындығы 95 — 100 м, ені 65 — 68 м тік бұрышты алаңда, ұзындығы 28 — 29 см, салм. 425 гр келетін сопақ доппен өткізіледі. Іақпа сыртында көлденең 12 — 22 м есеп алаңы болады. Регби алаңының қақпасы Н тәрізді. Екі бағана арасы 5 м 65 см, биікт. 6 м. Бағаналардың 3 м-дей биіктігіне көлденең сөре жасалады. Регбиге құрамында 15 ойыншысы бар екі команда қатысады. Ойын мақсаты — допты қарсылас жақтың есеп алаңына қолмен апарып салу не қақпа сөресінің жоғ. жағынан аяқпен теуіп өткізу. 1871 ж. Англияда тұңғыш “Регби-футбол” одағы құрылды. 1934 ж. Халықар. әуесқойлар регби федерациясы (ФИРА) құрылды. Ойынның ережесі 1946 ж. жасалған. Регби спортының дамуына 1957 ж. Мәскеуде өткен 6-Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі үлкен қозғау салды. Қазақстанда Регби спорты 1966 жылдан бері дамып келеді. 1966 — 74 ж. Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақмола, Талдықорған қ-ларында командалар жасақталды. Қазақстандық армияшылар клубының спортшылары 1974 жылдан КСРО чемпионатында өнер көрсетті. 1988 ж. қола жүлдені иемденді. Сол жылы КСРО кубогін, 1991 ж. күміс медаль алды. Әр жылдары КСРО құрама сапында Е.Гоняхин, Е.Зуев, П.Ильвовский, В.Клочков, А.Огрызков, А.Стальмахович, М.Уанбаев, А.Филимонов сынды спортшылар өнер көрсетті.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref><ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref>

Дереккөздер

Сілтемелер

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Регби|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} ru:Регби sk:Ragby