Виттрок рауғашы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Виттрок рауғашы (Үлгі:Lang-la) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық өсімдік. Батыс және Солт. Тянь-Шаньның тау жоталарындағы орманды алаңдарда, бұталардың арасында, шалғындық алқаптарда кездеседі. Биікт. 1 м-дей, тамыры жуан, сабағы тік өседі. Жапырақтары ірі, пішіні жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 40, ені 30 см-дей, қысқа сағақты. Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, олар шашақты сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ не бүйрек тәрізді жаңғақша. Жұқа қызыл қанаты болады. В. р-ның жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Виттрок рауғашы — тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Батыс және солтүстік Тянь-Шань жоталарының орманды аландарында, тасты беткейлерінде, шалғындарында өседі. Тамыр сабағы жуан, сабағы тік, биіктігі 1 м-дей. Жапырақтары ірі, олардың тақташалары жұмыртқа пішінді-үшбұрышты, Ұзындығы 40 см-дей, сағақтары жіңішке, қысқа. Гүлшоғыры — сыпыртқыгүл, гүлдері ақ немесе алқызыл түсті, гүлсағақтары келте болады. Мамыр-шілдеде гүлдейді. Жемісі — дөңтелек немесе бүйрек пішінді, қоңыр түсті жалпақ жұмыртқа тәрізді жаңғақшасы бар. Дәрілік, өсемдік, тағамдық өсімдік. Азайып бара жатқан түр болғандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref> <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Виттрок рауғашы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}