Виктор Андреевич Грошев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Андреевич Грошев (10.9.1940, Қарағанды облысы Балқаш қаласы ) - ғылым, археолог, тарих ғылымының докторы (1997). 1971 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Ғылыми еңбек жолын 1973 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология жөне этнография институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде бастаған. Қазіргі уақытта Ә.Марғұлан атындағы Археология институтында бас ғылыми қызметкер. 1973—93 жылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда б.з.б. 5 ғ. мен б.з. 18 ғ. аралы¬ғында жер суландыру және су¬армалы егістіктің калыптасуы мен дамуын зерттеді. Қола және ерте темір дәуіріндегі жасанды суармалау мәселелерін көтерді. Отырар мен оның төңірегіндегі ортағасырлық қоныстар мен қалаларды сумен қамтамасыз ету, құлақарық имараттары (үлестіргіш каналдар, су қоймалары, құбырлар, бөгетшелер, т.б.) мен жер суландыру техникасының (шыгыр, т.б.) ерекшеліктерін анықтаумен айналысты. Ежелгі Отырардың агроирригациялық жоспарын анықтаған. Отырар алқабындағы Темір-арық, Ақ-арық, Алтын- арық, Саңғыларық, т.б. магистральды каналдардың жоспарын түсіріп, пайдаланылған уақыттарын белгілеп берді. Грошевтың көне егіншілік пен калалардың дамуына жер суландырудың тигізген әсерін саралаған 80-дей ғылыми еңбектері жарық көрген. Оның ізденістерінде Қазақстан аумағындағы байырғы отырықшылық мәдениеттің түрлі мәселелері көтерілуде.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Виктор Андреевич Грошев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}