Вел Баркер кубогы
Вел Баркер кубогы (ағыл. Val Barker Trophy) - 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының ең техникалы боксшысына берілетін жүлде. Кубок ағылғын боксшысы, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының алғашқы құрметті хатшысы Вел Баркер құрметіне 1920 жылы тағайындалған.
Кубок АИБА-ның жекеменшігі болып табылады және Олимпиада ойындарында алған орынына қарамастан ең мықты техника көрсеткен боксшыға табыс етіледі. Жеңімпазға Куботың көшірмесі және АИБА-ның Дипломы беріледі. Кубок жарыстар біткеннен соң, бір күннен кейін, арнайы церемония барысында, АИБА мүшелері және шақырылған қонақтар көзінше табыс етіледі. Церемонияға Кубокқа үміткер болған барлық спортшылар шақырылады. Кубокқа жеңімпаздың есімі, өнер көрсеткен салмағы, елі және Олимпиада өткен қаланың атауы қашалып жазылады. Кубок иегері Кубокты өз елінің Ұлттық бокс федерациясына келесі Олимпиада ойындарына дейін сақтауға өткізеді. Ұлттық бокс федерациясы АИБА-ға Кубокты қауіпсіздікті сақтау жөнінде кепілдеме береді және АИБА-ның есепшотына кепілдік ретінде ақша аударады. Келесі Олимпиада ойындары басталуына кем дегенде жеті күн қалға дейін Кубок Олимпиада өтетін қалаға, АИБА-ның Атқарушы комитетінің мүшелеріне жеткізілуі керек. Кубок иегері АИБА тарапынан келесі Олимпиада ойындарына құрметті қонақ ретінде шақырылып, Кубокті келесі боксшыға табыстау рәсіміне қатысады. Егер Кубок қатарынан үш рет бір елдің бокшылары алса, онда Кубок сол елдің Ұлттық бокс федерациясының меншігіне өтеді.
Мазмұны
Вел Баркер кубогың иеленген қазақстандық спортшылар
- 1996 жылы АҚШ-тың Атланда қаласында өткен Олимпиада ойындарында жартылай орташа салмақта (81 кг) өнер көрсеткен Василий Жиров бокс әлемінде құрметтелетін Вел Баркер кубогын жеңіп алды.
- 2004 жылы Грекия астанасы Афина қаласында өткен Олимпиада ойындарында 1-ші орташа салмақта (69 кг дейін) өнер көрсеткен Бақтияр Артаев Баркер кубогын жеңіп алды.
- 2012 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен олимпиада ойындарының нәтижесі бойынашы Серік Сәпиев Баркер кубогына лайық деп танылды.
Вел Баркер кубогының иегерлері
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>