Ваганова Агриппина Яковлевна

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Agrippina Vaganova -Esmeralda 1910.jpg
Агриппина Яковлевна Ваганова

Агриппина Яковлевна Ваганова (6.7.1879, Санкт-Петербург — 5.11.1951, сонда) — орыс бишісі, балетмейстер, педагог. Ресей Федерациясының халық артисі (1934), профессор (1943). Санкт-Петербург театр уч-щесін бітірген (1897). 1917 жылдан бастап пед. қызметпен шұғылданды. 1931 — 37 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) опера және балет театрының көркемдік жағын басқарып, П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен Ц.Пунидің “Эсмеральда” балетін қойды. Ваганова — “Класикалық би негіздері” (1934) оқулығының авторы. Ол кеңестік балет өнеріндегі классикалық би мектебінің жүйелерін нығайтуда үлкен рөл атқарды. КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1946). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub