Бөрілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

  • Бөрілі<ref name="source3">“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том</ref> – қола дәуірінен сақталған қоныстар орны. Қызылорда облысы Жаңадария өзенінің жағалауында. 1958 жылы С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық экспедициясы зерттеген. Жел мен жаңбыр жуып кеткендіктен мәдени қабаты толық сақталмаған. Қыш ыдыстар, ақ кварциттен жасалған бірқатар тас құралдар табылған. Қыш ыдыстар батырып салынған геометриялық өрнектермен әшекейленген. Табылған заттай деректер қоныстардың б.з.б. 15 — 12 ғасырларға жататынын және тұрғындарының отырықшы болғанын көрсетеді.
  • Бөрілі<ref name="source3"/>'– Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы — Қарабалық кентінен оңт.-батысқа қарай 25 км жерде, Кіші Бөрілі к-нің оңтүстік-шығысында орналасқан. Тұрғыны 3,5 мың адам (1996). 1954 жылға дейін Бөрілі ұжымшарының, 1996 жылға дейін Бөрілі астық кеңшарының орталығы болды. Бөріліде Михайлов орман шаруашылығы, машина-трактор шеберханасы, тұрмыс қажетін өтеу комб-ның бөлімшесі, мектеп-интернат, мәдениет үйі, аурухана, тубдиспансер бар. Ауылдан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде қайың, терек, қарағай аралас өсетін шоқ орман басталады.
  • Бөрілі<ref name="source3"/>– Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы— Ақсай қалысынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында, құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде орналасқан. Тұрғыны 3,5 мың адам (1997). Іргесі 1905 жылы қаланған. 1935 — 63 жылдары Бөрілі ауданның орталығы болған. Ауыл өңірінің қоңыр топырағында жусан, бетеге, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптер өседі. Бөріліде агроөндірістік кооператив, орман шаруашылығы, шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда мектеп, дәрігерлік пункт, кітапхана бар. Тұрғындары аудан орталығымен, т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөрілі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}