Бәйімбет батыр Төбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Инфобокс{{#if: ||}} Бәйімбет батыр Төбетұлы2011 жылы Алматы қаласы «Б. о. ж.» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Ғ. Жүсіпұлы. Беттер саны — 148.<ref>«bookchamber.kz» сайтындағы кітаптар базасы</ref>

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі — 978-601-06-1455-0.<ref name=ISBN />

Қысқаша мазмұны

Бәйімбет батыр Ор­та Жүздің Күрсары Керей руы­нан тараған. Бә­­йімбет ба­тырдың әкесі Төбет бай Көк­ше­тау өңірінде (Кіші Қарой, Үлкен Қарой) өмір сүр­іпті. Малының көптігі сонша, малшы-жалшыларының өз­дері ауыл-ауыл болып, қиыр-қиырда көшіп-қонып жүреді екен. Олардың бәрінің басын қо­сып, былайғы ел, тіпті өздері де «Орда» деп атайды екен. Осыншама байлықты қорғау үшін де қаншама сенімді атарман-шабарман керек қой. Сондықтан Төбеттің төрт ұлы да батыр болған: Өтебай, Бәйім­бет, Асан, Үсен. Ал әкесі Төбет балаларының ішіндегі Бәйімбетті жастайынан ауыл-аймағына cөзі өткен ақылгөй, алысса білегін ба­ты­ра білген балуан, сөзге салса шалдырмаған сегіз қырлы, бip сыр­лы осы орданың басшысы ре­тінде тәрбиелеген. Бәйімбет ата­мыз ерекше батырлығымен ел көзіне түскен, Абылай ханның қол­басшыларының бірі болған екен. Бәйімбет батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі Ресейдің Омбы, Сол­түстік Қазақстан облыстарында қалың қазақ даласын аралап, ба­тырлық пен ерліктің рәмізіндей ел аузында сақталып қалған.

Бәйімбет батыр 16-18 жасында атқа қонып, ағасы Өтебаймен жә­не серіктерімен ел еркіндігі жо­лында Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қо­сы­лады. Бәйімбет батыр да, аға­сы Өтебай, інілері Асан, Үсен ба­тырлар да 1732 жылы тамыз айындағы, 1741 жылы ақпан айындағы, 1752 жылы қыркүйек айын­дағы қалмақ әскерлерімен Ор­та жүз жеріндегі соғысы, 1751-1775 жылдары Абылай ханның бірнеше шешуші шайқастарына қатысып, сенімді серіктерінің біріне айналады.

Омбы архивінен табылған деректер мен құжаттардан Бәйімбетті батыр ғана емес, Керей-Атығай елін басқарып, жүгін арқалай білген «Бәйімбет бек» аталған және патша ағ­замның сарайына «елші» барған.

Бәйімбет батыр өлгенде өсиеті бойынша қасиетті Түркістан қаласына апарылып жерленіпті. Қыстың қырау кезінде қайтыс болған бабамызды жаңа сойылған жылқының терісіне орап, ауа кірмейтіндей етіп таспамен бітеу тігіп, сыртын қара маймен майлап сақтаған екен. Күн жылынғасын мәйітті қасиетті орнына жеткізіп жерлеген екен. Бар қазақ­тың баласы Түркістанды киелі санап, тәу етіп, қастерлеп, қадір тұтады, бұл жерде хандар, сұлтандар, атағы шыққан билер, батырлар ғана жерленген.


Үлгі:Quotation

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Book-stub Үлгі:Қазақстан кітап палатасы