Бұзық қалашығы (Жаңақорған ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұзық қалашығы (Жаңақорған ауданы) - X-XV ғасырларға жататын Көктөбе ауылынан батысқа қарай 2,5 шақырым , Артық ата қалашығынан солтүстіккке қарай 0,4 шақырым жерде орналасқан. Географиялық координаттары: Үлгі:Coord

Қалашық сипаты

Теңіз деңгейінен 172 м. Ескерткішті 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) ашқан, 2004 ж. Халықаралық қазақ түрік универститеті Тұран археологиялық экспедициясы (М.Елеуов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.Қалашық жоспарында дөңгелек төбе пішінді , диаметрі - 310 м, биіктігі - 1,5-2 м. Қоршап жатқан үймек жалының биіктігі- 1-1,5 м. Қорғаныс қабырғасында бір-бірінен 35; 45; 50; 55; 65 м қашықтықта орналасқан 15 мұнараның орны сақталған. Биіктіктері 0,5-0,8 м болып келген мұнаралар қабырғадан сыртқа қарай 2 -4 м шығыңқы орналасқан.

Жоспарында Г-тәрізді болып келген қақпа қалашықтың оңтүстік-батыс жағында орналасқан.

Ескерткіш ені 8-12 м, тереңдігі 1-1,5 м ормен қоршалған. қалашықтың ішкі бөлігінде бірнеше құрылыстың қалдықтары сақталған. Қақпадан солтүстік-шығысқа қарай 120 м жерде көлемі 25×15 м болып келгшен құрылыстың қирандысы бар. Қалашықтың сыртында , қақпадан оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай үстінде қыш ыдыстар сынықтары шашылып жатқан құқрылыстың қалдықтары бар<ref>Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы; Қызылорда облысы,Алматы, Аруна баспасы , 2011</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер