Бүрме тігіс
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бүрме тігіс - матаның шетін жинай тіккенде қолданылатын тігіс түрі. Мысалы, желбіреуіктерді, қос етектерді, бүрмелі жағаларды тіккенде қолданылады.
Бүрме тігістер екі қатар жүргізіледі, иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрілуінің үлкендігіне қарай сиыр тіс, бұзау тіс, қой тіс деген түрлері бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>