Бүркіт пен бүркітші жабдықтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аушы құстарды баулуды өнер еткен адам оған қажетті жабдықтары негізінен өзі дайындап алады. Олар: томаға, аящап, құндак, балдақ, тұғыр, ырғақ, жезтуяк, балак, бау, шолақбау, сузу жіп, шыжым (жіп, сайыс), жем сапты аяқ, биялай, жемқалта, тұзақ, кұс қақпан, түтік.

Бүркіт жабдықтары

Томаға. Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, бүркіттің басына киілетін, теріден жасалған жабдық. Оны шымыр былғары немесе құстың басының үлкен-кішісіне қарай былғарыдан немесе икемге келетін жұмсақтау көннен жасайды. Терінің майда келген, өң бетін ішіне, тігісін сыртына келтіріп тігеді. Көзге келетін түсын сыртына қарай томпитып, қуыстап, көзіне тимейтін, қажамайтындай етіп келтіреді, саңылаусыз болады. Құстың тұмсығы шығатын жері ойылып алынып, астына, тамақ жағынан тамшфау тағылады. Томағаның жоғарғы жағына - төбесіне артық шығып тұратын ілмек айдар кигізіп, шешкен кезде құсбегі саусағына оңай іле салуға ыңғайлы етеді. Төбе түсына, милықтарына сәндік үшін алтын, күмістен құйылған кішігірім әшекейлі құйма орнатады. Құс «жалаңбас» (томағасыз) үйде отырғанда, түзде қолға алып жүргенде қимылдап, мазасыз болады. Кез келген қыбыр-жыбырға, жәндікке, желге талпынып, қанат құйрығын тоздырады, жақын келген ит, бала, тіптен кейде иесін де шауып, шоқып алатындықтан, көзін жауып қояды. Томағалы бүркіт тыныш отырады, мінез-құлқы бірқалыпты, әрнеге мазасызданып, жүйке жүйесін «тоздырмайды», қанат-шалғысын, саусақтарын жараламайды. Тек қана қайыру кезінде, жем бергенде, аңға қосарда бүркіттің басынан томағасын алады. Томағасы қысса, қажаса құс «томажашаған, басасауга» айналып кетеді. құсбегі томаға тігу үшін қыран құстың басына лайықталған үлгі бойынша былғары дайындайды. Томағаның айдары (кейде оны қарқарасы деп те атай береді) мен тамақбауы бірге пішіледі. Оны тігер алдында өткір пышақтың ұшымен алдын-ала сәл-пәл сызат түсіре тіліп алса тіккен жіп немесе тарамыс сол тіліктің ішімен жымдасып, құстың денесіне батпайтын болады. Ал, күміс шытыралар, асыл тастар мен мәймеңкелер салғысы келсе, томаға тігілмей тұрып бекітіледі. Томаға құсқа салынбаса айдарындағы көзі арқылы жібек жіптен бау тағылып, керегенің басына ілінеді.

Кұстың аяғына тағылатын баулар

балақбау, шолақ аяқ бау, тобыршақ, шыжым - бұлар бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге, тұғырға отырғызғанда байлап қоюға арналған жабдықтар. Мұндағы құстың екі жіліншігіне (балағына) бірдей тағылатыны балшфау немесе білезік-бау құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Оны құстың балағын қыспай, еркін айналып тұратындай білезік формалы етіп жұмсақ қайыс, былғарыдан дайындайды. Жіліншікті орап, бунақтап тұратын сол түсын алақан дейді. Алақан қажамас үшін терінің ішкі жағына жұмсақ шұберек, киіз қабатталып астарланады. Дөңгелек шара тәрізді балақбаудың алақанының радиусы құс жіліншігінің жуан-жіңішкесіне қарай, ал жалпақтығы екі елі (4 см) шамасында. Теріні күміс құйма, тұрлі әшекеймен сәндейтіндер де бар. Балақбауды екі бұлдіргеге өткермелеп құстың балағына тағады. Осылайша білезік формасындағы екі балақбаудың бұлдіргесіне немесе шығыршығына шолацбау (кейде желібау) аталатын ұзындығы 1-1,5 қарыс (20-30 см), жуандығы 3 мм мөлшеріндегі қайысбау жалғанады. Оған жіңішке таспа немесе өріп ширатқан жүмыр қайыс таңдалады. Қолдағы бүркіт талпынғанда сусып шығып кетпес үшін екі баудың ортасына бір-бір түйін, бөгет кедергі салынады. Аттың тұсамысы тәрізді балақ және шолақ баулар құсты тұғырға қондырғанда, алып жүргенде, жемдеген кезде құстың аяқтарының еркін қозғалуына, құсбегінің ұстап отыруына жағдай жасайды. Аңға да осы баумен үшады, қашып кеткен жағдайда да аяғынан тұспейтіндіктен түз бүркітінен оңай ажыратады да, оны айламен қайта ұстап алады. Ал ұсақ құстардың балақбауының білезік түсының диаметрі 2-3 см-ден аспайды, желі бауының ұзындығы бүркіт желі бауының жартысындай ғана болады. Шолақбаудың екінші ұшына жезден жасалған шығырық өткізеді де (қайыс берік болса тесіп қояды), оған жалғас ірге бау деп аталатын ұзындығы бір құлаштай, жүмыр етіп өрілген (4-6 таспадан) жіңішке қайыс тағады. Олай аталу себебі үйде отырғанда іргеге байлайтындықтан. Саятқа шыққан кезде іргебауды шешіп алады да, беліне тағады, суық кездері тақымын, етегін буып алады. Аңға жібергенде міндетті тұрде шешіп алу себебі, аңға шүйліккен кезде, жер бауырлай ұшқанда жартастың жақпарына, ағаштың айырына ілініп қалса, ұзын Томаға үлгісі. (Д.Шоқиарұлы) Аяқбау, шолақбау тұрлері бау оралса мерт етеді, әйтпесе шарт қимылына кедергі жасайды. Өйткені ірге баудың ұшындағы бір жарым елідей, ортасы қыналып ірге баудың ұшына орнатылған тиек «тобыршақ» кедергі келтіреді. Оны қарақұйрық, еліктің мүйізінің ұшынан жасайды. Тобыршықтың ұшына ұзындығы бір-екі құлаш, таспадан ширатқан, немесе жіңішкелеп тілген шылбыр немесе жіңішке есілген байланады. құсты аңға саларда іргебауды тобыршығынан тартып, шығыршықтан оп-оңай суырып алуға болады. Бау қатты кеуіп, жарылып кетпеуі үшін оқтын-оқтын майлап қойған жөн. Балақбау құс тұғырдан үшып кетпес үшін, ал іргебау қыран ұшарда ұзап кетпес үшін аяғына тұсау болады деп түсінеміз. құсты аң аулауға үйретерде, баулу кезінде, шырғаға салғанда ол қайта көтеріліп үшып кетпес үшін жіп байланады. құсты арқандағандай етіп ұстауға мүмкіндік беретін бұл қысқа арқан-жіпті «шыжым» деп атайды. Оны көбіне жаз маусымында үй маңында ұстағанда, асау бүркітті шырғаға салып үйреткенде қашып кетпес үшін тағады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}