Балақбау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балақбау (Аяқбау) - қыран құстардың жіліншіктеріне тағылатын тері, былғары, жарғақ немесе қыжымнан құстың балағын ұстамай, еркін айналып тұратындай етіп жасалатын білезік (тұсамыс) пішінді арнаулы қайыс бау.

Балақбауды бүлдіргеге өткермелеп құс аяғына тағады. Бүркіт балақбауының ұзындығы құстың дене бітіміне, тұлғасына сай бір-бір жарым қарыстай, жалпақтығы екі елі, ал ұсақ құстардың балақбауының білезік тұсының диаметрі екі еліден аспайды, желі бауының ұзындығы бүркіт желі бауының жартысындай ғана болады. Балақбаудың құс жіліншігін орап тұратын тұсын алақан деп атайды. Алақанның жалпақтығы екі елідей, іші жіліншікке батпайтындай астарланып, сырт жағына күміс құйма орнатады. Алақанға тағылған жұмсақ қайыстан өрілген жіңішке шолақ балақбау үнемі қыран құстың аяғында болады. Оның ұшындағы шығыршықта түйісіп, онан бір-екі құлаштай іргебау деп аталатын бау тағылады. Іргебаудың ұшындағы тобыршық (ол сүйек, мүйіз немесе қатты ағаштан жасалады) балақбаудың екі ұшындағы жез шығаршыққа өткізіліп тиектеледі.


Саят кезінде аңға саларда іргебауды тобыршығынан тартып, шығыршықтан оп-оңай әрі жылдам суырып алады. Қолбала құсты аң аулауға баулу кезінде, шырға салғанда құс «қайта көтеріліп» (қашып) ұшып кетпес үшін ұзындығы оншақты құлаш шыжымды іргебауға қосып байлайды. Шыжым көбінесе жаз маусымында үй маңында ұстағанда, асау бүркітті шырғаға түсуге үйреткенде тағылады.

Аттың тұсамысы тәрізді балақбау мен шолақбау құсты тұғырға қондырғанда, атпен алып жүргенде, жем тарттырған кезде құстың аяқтарының еркін қозғалуына, құсбегінің ұстап отыруына жағдай жасайды. Саятқа шыққан кезде іргебауды шешіп алады да, беліне тағады, суық кездері тақымын, етегін буып алады. Аңға жіберген кезде міндетті түрде шешіп алады. Себебі саят құсы аңға шүйліккенде, жер бауырлай ұшқанда жартастың жақпарына, ағаштың айырына ілінсе құс қимылына кедергі жасайды, тіптен оны мерт етуі кәдік. Аңға да осы баумен ұшады, қашып кеткен жағдайда аяғында байланып жүрген балақбау арқылы тұз бүркітінен оңай ажыратады және оны қайтадан оңай-ақ ұстап алады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балақбау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}