Бүлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүлік (Үлгі:Lang-de — бүлік) — арандатушы шағын топ жасаған мемлекеттік төңкеріс, немесе төңкеріс жасауға ұмтылған арандатушылық пиғыл. Бүлік, әдетте, мемлекет басқару пішімін өзгерту, саяси билікке ие болып, елде жаңаша, қатаң тәртіп орнату мақсатын көздейді. Мысалы, 1920 ж. наурыз айында болған Капп бүлігіГерманияда монархияны қалпына келтіріп, әскери диктатураны орнату мақсатымен рейхсвердің жоғары лауазымды офицерлері ұйымдастырған төңкеріс. Бірақ, олар көздеген мақсаттарына жете алмады. Сол сияқты 1991 ж. тамыз Бүлігі де бұрынғы КСРО елінде өркен жая бастаған демократиялық нышандарға қарсы шығып, елде қатаң әскери тәртіп орнатуды көздегендіктен, халық наразылығына ұшырап, жеңіліс тапты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>