Бітпеген ирелең

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бітпеген ирелең — өзендегі су деңгейінің құбылмалылығы жағдайында және салыстырмалы түрде алғанда тасындылардың шығыны аз болған кездегі жайылмада аздаған жұқа шөгінділер пайда болып, жайылма деңгейінің біртіндеп болымсыз өсуі және оны тасқын су басуы. Суға толған жайылмада едөуір күшті жергілікті ағыстар пайда болады және бағыттаушы салалар қалыптасады. Алғашқыда бүл арналар тек су тасығанда ғана біртіндеп ұлғая келе төменгі деңгейдегі ағындыны, өзіне баяу тартып алады. Жаңадан пайда болған арна тұрақты дамуда болады, өйткені оның еңістігінің көлемі үлкендеу болады. Уақыт өткен сайын жаңа арна өзен ағындысының мол бөлігін өзіне тартып алады да, ескі арна біртіндеп, "істен шыға" бастайды. Сөйтіп басты арнаға айналган жаңа арнада өзен ирелеңденуі процесі басталады. Жаңа жайылма сілемдері пайда болады. Жаңа салалар, өзектер қалыптасады да, белгілі бір уақыт мерзімнен кейін бәрі қайтадан басталады. Бітпеген өзен ирелеңі екі саланың (арнаның) пайда болуымен сипатталады, жаңасы дамыса, ескісінің маңызы жойылады. Осылайша арналардьң толық алмасу процесі ондаған жылдарға созылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бітпеген ирелең|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}