Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысыБҰҰ Хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі.

БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен, БҰҰ Бас Ассамблеясы 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады. Ол әкімшілік қызметімен және күнделікті жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның басқа да органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды, мемлекеттер арасындағы шиеліністерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады.

БҰҰ құрылғалы бері Бас хатшылар:

  • Т. Ли (1946 — 1952),
  • Д. Хаммарскеолд (1953 — 1961),
  • У. Тант (1961 — 1971),
  • К. Валдхейм (1972 — 1981),
  • Х. Перес де Сулер (1982 — 1991),
  • Б. Бутрос-Гали (1992 — 1996),
  • Кофи Аннан (1997 — 2006),<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>
  • Пан Ги Мун (2007 — 2016) болды.

Қазір Бас хатшылықты 2017 жылдан бері Португалиялық Антониу Гутерреш атқаруда.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}