Антониу Гутерреш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Антониу Мануэл де Оливейра Гутерреш<ref>

Өмірбаяны

Антониу Гутерриш 1949 жылы Лиссабон қаласында дүниеге келген.

1965 жылы «Prémio Nacional dos Liceus» сыйлығына ие бола отырып, Камойнш беделді мектебін бітірген.

Жоғарғы техникалық институтында жоғарғы білімді алып, кейін 1973—1975 жылдары аралығында сол оқу орнында оқытушылық қызметін атқарды. Кейбір католиктік жастар қозғалыстармен байланыста болған.<ref name="infopedia">Үлгі:Cite web</ref>

1974 жылы саясатпен айналысып, Португалия Социалистік партиясына мүше болып кірді. 1992—2002 жылдары партияның бас хатшысы болған. 1995 жылдан 2002 жылға дейін Португалия үкіметін басқарды.<ref name="bbc">Үлгі:Cite web</ref>

2005—2015 жылдары аралығында Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссары ретінде жұмыс атқарды.

2016 жылдың жазында БҰҰ Бас хатшысын сайлауы кезінде үміткер ретінде ұсынылды. Сол жылдың 5 қазанында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің дауыс беруі нәтижесінде Гутерриш ұйымның Бас хатшысы қызметіне ие болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 13 қазан күні БҰҰ Бас ассамблеясы Гутерришты Бас хатшы орнына сайлады. 2017 жылдың 1 қаңтарында қызметіне кірісті.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>

Жеке өмірі

1972 жылы балалар психиатры Луиза Амелия Гимарайнш-и-Мелуге (1946—1998; қатерлі ісіктен қайтыс болды) үйленді. Осы некеден екі баласы қалды: Педру Гимарайнш-и-Мелу Гутерреш (1977 жылы д.к.) және Мариана Гимарайнш-и-Мелу де Оливейра Гутерреш (1985 жылы д.к.).

2001 жылы мәдениет министрының орынбасары (1995—1997) және мәдениет сұрақтары жөніндегі мемлекеттік хатшысы (1997—2000) болған Катарина Маркиш де Алмейда Ваш Пинтуге (1960 жылы д.к.) үйленді.<ref>Catarina Vaz Pinto</ref> 1998 жылы дүниеге келген Франсишку Ваш Пинту да Кошта Рамуш асыранды баланы тәрбиелеп жатыр.<ref name="bbc"/>

Туған португал тілінен басқа испан, француз және ағылшын тілдерін меңгерген.<ref name="bbc" />

Құрмет

Ұлттық марапаттар

Құрметті дәрежелері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:БҰҰ Бас хатшылары