Биік тау белдеулері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Биік тау белдеулері Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алтай, Сауыр – Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тянь-Шань тауларына тән биіктік белдеулілігі. Қазақстан тауларында Биік тау белдеулері Алтай тауынан оңтүстіктегі Батыс Тянь-Шаньға қарай біртіндеп биіктей береді. Тау орманы Оңтүстік Алтайда 700 – 900 м, Жетісу Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында (Тянь-Шаньда) 1200 – 1400 м биіктікте өседі. Бұл таулы өлкенің география орнына, ендігіне, биіктігі мен беткейлерінің сипатына, ылғалды желдің мөлшеріне, т.б. байланысты. Алтай тауына Сібір мен батыстан келетін ылғалды жел, Тянь-Шань тауларына Ауғанстан мен Иран жақтан соққан аңызақ жел әсер етеді. Сондықтан Қазақстан тауларындағы Биік тау белдеулерінің өз ерекшеліктері (топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі) бар. Айналасындағы жазықпен салыстырғанда тау табиғатының өзгеше болуына температураның биіктеген сайын суынып, ылғалдылықтың көбеюі ықпал етеді, оның климатындағы айырмашылықтың себебі осында. Қазақстан тауларында 6 Биік тау белдеулері бар. Бұл биіктік белдеулер тек Іле Алатауында ғана түгел кездеседі, басқа тауларда 5 белдеу бар, яғни альпі шалғыны белдеуі болмайды. Тау етегіндегі шөлейт белдеу Іле Алатауы,Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Оңтүстік Алтай тауларының етегінде анық байқалады. Ол Алтайдың солтүстің-батысында далаға, Тянь-Шаньның батысында шөлге ұласады. Бұл белдеудің абсолютiк биіктігі 1300 м, негізінен кайнозойдың лëсс-құмдақ шөгінділерінен түзілген, еңіс келген жазық. Климаты шөлейт, қысы жылы, жазы ыстық, жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Өсімдігі селдір, сұр топырақта қау, жусан, бетеге, бұйырғын, итсигек, баялыш, ебелек, теріскен өседі.

Табиғат

климат

Климаты қоңыржай континенттік, жауын-шашын мөлшері 400 – 600 мм. Қоңыр топырақты және шіріндісі мол қара топырақты келеді.

жануарлар,өсiмдiктер

Мұнда тышқан, тасбақа, жылан, кесіртке, шаян, қарға, қарақұс, түлкі мекендейді. Тау етегіндегі шөлейт белдеуді шаруашылық қажетіне бейімдеу оның ландшафтын мүлде өзгерткен, сондықтан оны «мәдениетті белдем» деп те атайды. Таудың дала белдеуі 1000 – 2000 м биіктік аралығында, әлі бекімеген шөгінділер мен палеозойлық тау жыныстарынан құралған.Дала өсімдігі, шалғын, бетеге, қау, жоңышқа, т.б. өседі. Таудың шалғынды орман белдеуі Оңтүстік Алтай, Жетісу (Жоңғар) және Тянь-Шань тауларында 800 – 1300 м-ден 2800 м-ге дейінгі биіктік аралығында жатады. Бұл таулардың беткейлері өзен аңғарларымен қатты тілімденген. Жауын-шашын мол, жылдық орташа мөлш. 800 – 1000 мм. Орман көбіне таудың солт. беткейінде өседі. Орманды белдеудің етек жағын ала жалпақ жапырақты алма, өрік, жаңғақ, ақ қайың, терек ағаштары және шалғын, ал жоғары жағын ала пихта, қарағай, шырша өседі. Бұл белдеуде қасқыр, борсық, түлкі, тиін, қоян, т.б. мекендейді. Таудың субальпілік белдеуі орманды белдеуден жоғары жатады. Алтайдың солтүстік-батысында 2000 м, оңтүстік-шығысында 2400 м, Тянь-Шань тауларында 3000 м биіктіктен басталады. Алтайдағы бұл белдеуде Алтай қарабас шалғыны, манжетка, аю балдырған, түлкіқұйрық, тарғақ шөп өседі. Одан жоғары мүк пен қына өсетін тырбық, қисық бұталар, Түркістан аршасы кездеседі. Ал Жетісу (Жоңғар) Алатауының осы биіктігінде тау шалғыны бар. Таудағы альпілік белдеу Солтүстік Тянь-Шань тауларында 2800 – 3200 м биіктікте. Топырағының шіріндісі мол (12 – 15%), альпілік шалғын хош иісті сан алуан гүлге бай. Шөбі малға жұғымды жайлау. Алтайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында бұл биіктікті нивальдық белдеу алып жатыр. Нивальдық белдеу (мәңгілік қар белдеуі) Солтүстік Тянь-Шань тауларында 3200 м-ден 5000 м-ге дейінгі аралықта. Жер бедері биік шың, жартасты, құлама болып келеді. Беткейлерін үйме қорым тас, көп жылдық мұз бен қар басып жатады.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Биік тау белдеулері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}