Бетпақдалит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бетпақдалит молибдаттар тобының минералы, күрделі құрамды мышьяк-молибден қышқылының темір және кальций тұзы. Химиялық формуласы H4CaFe2 (Mo5As2O26)x12H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады, кристалдары қысқа призма тәрізді, ұсақ түйірлі кеуекті немесе тығыз агрегаттар түзейді. Түсі қанық сары, солғын жасыл кейде қоңыр реңді, тығыз агрегаттары күңгірт. Ұнтақ түрлері шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,0, меншіктік салмағы 2,98 г/см3. Алғаш рет 1954 ж. Бетпақдала өңіріндегі Қараоба вольфрамит кен орнынан табылған. Бетпақдалит кварц-вольфрам желілері мен кварц-слюда грейзендерінде ярозит, опал, гидрослюда, лимонит және гипспен бірге кездеседі. Бетпақдалиттен молибден мен мышьяк алуға болады. <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бетпақдалит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}