Бесін

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бесін - түс ауып, күн ұясына отырғанға дейінгі уақыт, мезгіл. Ел ішінде бірнеше түрге ажыратылып айтылады:

  • ұлы бесін - күннің қақ маңдайга келген кезі;
  • кіші бесін - күннің маңдайдан ауған кезі;
  • құлама бесін - бесіннің аяққы кезі.

Уақытты осылай межелеудің шаруашылық және ғұрыптық мәні болды. Ұлы бесін төрт түлік малдың тегіс жусайтын кезі. Осы уақытта қой, ешкі, сиыр, түйе және бие сауылады. Кейде осы мерзімде ауырған малды анықтап, емдеу шараларын да қолданады. Құлама бесін кезінде өрістегі малды қораға қарай айдап келуге дайындық жасалады. Яғни малдың «бас-аяғы» түгенделеді, аттың босаған айылын тартып, қажеггі әзірлік жасалады. Малды қораға қарай беттетеді. Ал кіші бесін кезінде күні бойы оқылатын парыз намазының екіншісі атқарылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бесін|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}