Берен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Берен<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> — жебенің бір түрі. Ауыз әдебиетіндегі деректерде бұл оқты батырлар қарсыласының сауытына басқа оқ өтпегенде қолданған. Береннің ұшы үшкір болып, қырланып соғылған;


Берен<ref name="source1"/> — атқанда жарылмас үшін оқпаны асыл болаттан соғылып жасалған көне мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін бір атауы. Береннің болаттан соғылғанын мылтықтың оқпанындағы өрнегінен айырады.

Берен<ref name="source1"/> ,берен сауыт, береңгілі сауыт -сауыттың бір түрі, болат темірлі сауыт деген ұғымды білдіреді. Тері, матаға болат, темір тақталарды шегелеп, қатарлап бекіту арқылы жасалған. Сақ, сармат, түркі әскерлерінің бір бөлігі осындай сауыт киген жауынгерлерден құралган. Үлкен темір тақталар иілуге мүмкіндік бермейтін болғандықтан берен кеу- деше түрінде тұтас жасалынып, бастан сыпырыла шешіліп киілген, баумен байланған. Іштен шегеленгендіктен болат тақталардың ара-жігі ашылмай, денеге қару өткізбейтін берік болган. Шығыстан ауысқан бұл сауыт түрін Еуропада «бригандина» деп атаган. Кейде береннің иықтары мен етегін аң терілерімен жиектеген. Сауыттың тысына қымбат, әдемі маталар қапталғандықтан аса сәнді көрініп, көбінесе, хандар, қолбасшылар киген. Беренді негізінен, жұқалау кіреуке, қат- тама сауыттардың сыртынан киген. «Айбынды ерлер көп өтті, Кіреуке киген, беренмен» (Ақтамберді) деген жырдағы берен осы отты қару пайда болып, ауыр қаруланған атты әскер таратылғаннан кейін, берен де қолданыстан шығып қалды.

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Берен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}