Берекет Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Берекет Омаров (1932, Арал ауданы Райым ауылы – 1984, сонда) – жырау. Қазалы малдәрігерлік даярлау курсын бітірген соң (1948) қызметке араласады. Өмірінің соңына дейін Қызылжар, Райым ауылдарында төрағалық қызмет атқарған. Омаров көнекөз жыраулар Әбілда, Дәріғұл, Жәметтерден дәріс алған. Дәстүрлі саз өнерін жалғастырушы, сол ақын-жырауларды бүгінгі ұрпаққа жеткізуші. Ол Нұртуғанның «Қарасай – Қази», «Едіге», «Тағаймұрат» жырымен қоса 100-ге тарта термелерін, Нұрмағамбет, Еспембет, Смағұл ақындардың терме-толғау, айтыс өлеңдерін білген. Аудан, облыс ақындар айтысына қатысып, өнер додасында «дүлдүл жырау» атанған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Берекет Омаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}