Райым
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Райым — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Жетес би ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Арал қаласынан оңтүстікке қарай 115 км жерде, Райымкөл көлінің солтүстік-батыс жағасында орналасқан.
Халқы
Тұрғыны:
Тарихы
Іргесі 1932 жылы балық аулайтын ұжымшар ретінде қаланды. Кейіннен ұжымшар орталығы Қызылжар ауылына ауысты. 1996 жылы Райымда шаруа қожалықтары құрылды. Теңіз суының қайтуына байланысты ауылда балық кәсіпшілігі тоқтады. Тұрғындары негізінен мал бағады, балық аулайды. Елді мекен жанында ортағасырлық Райым қамалының орны сақталған.