Березовка (кен өрісі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Березовка – БЕЛОУСОВКА КЕН ӨРІСІ – Кенді Алтайдағы ірі полиметалл кен орындары шоғырланған өңір. Кен өрісі Өскемен қаласының солтүстік-батысында 25 км жерде, Ертістің сол жағалауымен 30 км-ге созылып жатыр, жалпы аумағы 100 км2. Мұнда полиметалл өндірілетін негізгі 4 кен орнында (Березовка, Белоусовка, Жаңа Березовка, Ертіс) 10-нан астам ірі дербес кен денелері ашылған. Кен орындары Ертіс жаншылу белдемінің тармақтарында орналасқан. Кен өрісі жаншылу белдемінің оңт.-батысында девон, тас көмір кезеңдерінің әктасты-хлоритті, филлит типті көмірлі-алевритті тақтатастарынан, порфироидтардан, ал белдемнің солт.-шығысында девонның эффузивті-шөгінді жыныстарынан құралған. Габбродиабаз, плагиогранит-порфир интрузивтері қалыңд. 15 – 20 м, ұзындығы 2 – 3 км болатын силдер және сығылмалар (дайкалар) түрінде қабаттарды қиып өтеді. Кентас денелері филлит типті хлоритті-серицитті тақтатастардың бойында қалыптасқан. Кен өңірінде жыныс қабаттары жиі қатпарланған және жарықтармен бөлінген. Березовка – Белоусовка кен өрісіндегі кен орындары полиметалды-колчеданды кентас формациясына жатады, оларда мысалы, мырыш және қорғасын мөлшері басым. Қосымша өнім ретінде алтын, күміс, кадмий, сүрме, висмут, күшәла, сынап, теллур, индий, т.б. алынады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Березовка (кен өрісі)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}